Пойыз бен көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында жеңіл көлік теміржол өткеліне шығып кетуі салдарынан оны жүріп келе жатқан локомотив қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2021 жылдың 27 қарашасында таңғы сағат 5 шамасында Бейімбет Майлин ауданындағы Елизаветинка ауылынан бір шақырым жерде «Volvo» жеңіл көлігін жүргізіп келе жатқан Өзбекстан Республикасының 30 жастағы азаматы жол бермей, теміржол өткеліне шығып кеткен. Салдарынан «Қостанай-Тобыл» бағдарымен келе жатқан пойызбен соқтығысты. Локомотивті жүргізіп келе жатқан 34 жастағы ер адам пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болды», - деп мәлімдеді ведомстводан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Volvo» көлігінің жүргізушісі мен жолаушы түрлі жарақаттармен Рудный ауруханасына жеткізілген, оларға амбулаторлық ем белгіленді.

Машинист дене жарақаттарын алған жоқ. Локомотив қозғалысын 36 минуттан кейін жалғастырды. «Volvo» жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.


Соңғы жаңалықтар