14:19, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
Пойыз шағын автобусты соғып, тоғыз адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда пойыз темір жол өткелінде тұрған шағын автобусты соқты. Апат салдарынан тоғыз адам мерт болды, бірнешеуі жарақаттанған.
Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
Олардың мәліметтері бойынша, шағын автобуста жұмысшылар келе жатқан. Оқиға орнына жедел қызмет көрсету бригадалары жетті. Дәрігерлер көлік ішінен жараланғандарды алып шығуға тырысып жатыр.