Prada компаниясы Versace сән үйін сатып алады

АСТАНА. KAZINFORM – Италиялық компания Prada өзінің бәсекелесі Versace-ды сатып алады. Сейсенбі, 30 қыркүйекте Еурокомиссия 1,24 миллиард еуролық келісімді мақұлдады, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі. 

Prada компаниясы Versace сән үйін сатып алады
Фото: dw.com

6 миллиард еуро айналымы бар екі компания франциялық LVMH және Kering люкс алыптарымен осылайша бәсекеге түспек. Екі брендтің бірігуі еуропалық нарықтағы бәсекелестікті бұзбайды деп бағаланып отыр.

Prada компаниясы Versace брендін америкалық Capri Holdings тобынан алады. Аталған топ келіссөз барысында сәнді тауарлар нарығындағы дағдарыс пен кейінгі айларда АҚШ-тың импорттық баж салығын арттыруға байланысты айтарлықтай төмендетілген бағамен сатуға келісім беруге мәжбүр болды.

Франциялық LVMH және Kering компанияларымен бәсекеге түседі

– Екі компанияның бірігуі жыл сайынғы айналымы 6 миллиард еуродан асатын италиялық сәнді тауарлар конгломератын құруға мүмкіндік береді. Осылайша олар Франция алпауыттары LVMH және Kering-пен бәсекеге түседі, - деп хабарлайды AFP. 

Агенттік Франция конгломераттары кейінгі жылдары Gucci, Fendi және Bottega Veneta сияқты бірқатар италиялық брендтерді сатып алғанын ерекше атап өтті. 

1978 жылы негізі қаланған Versace сән үйі бірнеше жыл бойы отбасылық бизнеске айналды. Оның негізін қалаушы Джанни Версачеге 1997 жылы қастандық жасалғаннан кейін оның әпкесі Донателла Версаче басшылықты өз қолына алды. Наурыз айының соңында ол шығармашылық директор қызметінен кетті.

Айта кетейік, Prada компаниясын 1913 жылы екі ағайынды құрған.

Бұған дейін Париж және Милан сән апталығында «Әлемді таңғалдырған әжелер» жобасы ұсынылатынын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар