Прадо мұражайы картиналарының сипаттамасын өзгертеді
Прадо мұражайы барынша инклюзивті болу үшін шедевр туындыларының сипаттамасын өзгертеді. Онда келушілердің жанын жаралайтын кейбір терминдер мен сөздер алынып тасталды. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Мадридтегі Прадо ұлттық мұражайы — Еуропадағы ең үлкен және маңызды бейнелеу өнері мұражайларының бірі. Өнер орталығы инклюзивті болу үшін өз картиналарының сипаттамасын өзгертеді. Онда келушілерді мұқатуы мүмкін сөздер алынып тасталады. Мұражай қызметкерлері заманға бейімделіп, барлық адамдарды құрметтеу керек, деп есептейді.
«Мәселен кенептегі мына картинаның түсіндірмесінде «Изабель Клара Евгения ергежейлі Магдалена Руиспен бірге» деп жазылған.Біз оның бойы қысқа екенін онсыз да көріп тұрмыз. Ондағы адамның ергежей екенін қайталап жазудың қажеті жоқ деп есептеймін»,- деді Прадо мұражайының үйлестірушісі Виктор Кагеао.