Прагада ҚР елшілігі ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған баспасөз мәслихатын өткізді

Шараға чех БАҚ-тары, парламент, мемлекеттік органдар, ғылыми және мәдени салалардың өкілдері қатысты.
ҚР Елшісі А.Қарашев өз сөзінде алдағы мерейтойдың тарихи мәнін, Қазақстанның мемлекеттілігін құрудағы маңызды уақиғаларды атап өтті, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы басты жетістіктер туралы әңгімеледі, конфессияаралық және ұлтаралық тұрақтылыққа назар аударды. Сонымен қатар, қазақстандық сыртқы саяси бастамалар, нақты айтқанда, ядролық қарусыздандыру жөніндегі нақты қадамдары туралы айтып берді.
Аталған шара шеңберінде, баспасөз мәслихатына қатысушыларға чех тіліне аударылған Қазақстанның тәуелсіздік кезіндегі тарихи дамуы туралы ақпараттық материалдар таратылып, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» атты деректі фильм көрсетілді.