Прагадағы вокзал маңында екі жолаушылар пойызы соқтығысты

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 17 қарашада Прагадағы негізгі теміржол вокзалының маңында екі жолаушылар пойызы соқтығысты. Бұл туралы Kazinform агенттігі BILD басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Прагадағы вокзал маңында екі жолаушылар пойызы соқтығысты
Фото: BILD

Апат салдарынан 46 адам зардап шекті. Олардың төртеуі ауыр жарақат алған. Жергілікті биліктің мәліметінше, зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұр.

Оқиға таңғы сағат жетілер шамасында Сейфертова көшесінің үстіндегі теміржол көпірінде болған. Пойыздардың бірі Млада-Болеслав қаласынан шықса, екіншісі Миловице қаласына бағыт алған. Екі құрамның бір жолға қалай шығып кеткені әзірше белгісіз.

Апаттан кейін учаскедегі пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қалааралық пойыздар басқа вокзалдарға бағытталды. Алдын ала есеп бойынша, материалдық шығын кемінде 650 мың еуро (шамамен 317,8 млн теңге) болады.

Чехияның көлік министрі Иван Беднаржик пойыздардың соқтығысу себептері тергеліп жатқанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Испаниядағы бірнеше ондаған адамның өмірін қиған пойыз апатына не себеп болуы мүмкін екенін жазған едік.