Прагадағы форумда трансшекаралық әріптестікті және ЕҚЫҰ-дағы қауіпсіздікті нығайтуға қатысты өзара пікір алмасу болды

СТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, ғылыми орта мен жеке секторлардың өкілдері қатысқан ЕҚЫҰ 18-ші Экономикалық-экологиялық форумының екінші кезеңі мамырдың 24-26-ы аралығында Прагада өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Форумның тақырыбы - «Шекара қиылысындағы пункттерді басқаруды алға жылжыту, ЕҚЫҰ аумағындағы жерүсті көліктерінің қауіпсіздігін арттыру мен халықаралық автомобиль және теміржол қатынасын жеңілдету».

Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-дағы тұрақты өкілі, елші Қайрат Әбдірахманов өз сөзінде «көлік қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырудың әсіресе экономиканың дамуында маңызы зор» екенін атап өтті. Көлік қатынасын жеңілдету, оның қауіпсіздігі, экологиялық және экономикалық қырлары Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығындағы басым бағыттарының бірі болып табылады.

Форумға қатысушылар әртүрлі мәселелерді талқыға салды, соның ішінде - шекара және кедендік тексерулерден кедергісіз өту үшін халықаралық құқықтық құралдар мен жаңа технологияларды қолдану, жемқорлыққа қарсы күрес пен оның тиісті басқарылуы, теңізге шығу жолы жоқ дамыған елдердің тасымал құралдары, автожолдар саласындағы ынтымақтастықта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және заңсыз адам сатуға қарсы күрестегі ең үздік тәжірибелер үлгісі.

Форум аясында трансшекаралық әріптестікті нығайтуға жәрдемдесу және ЕҚЫҰ аумағындағы экономикалық даму мен қауіпсіздікті нығайтуға жағдай жасау жөнінде еркін пікір алмасу болды.

Чехия астанасындағы кездесу ақпан айында Венада өткен форумның жалғасы болып табылады. Форумға арналған дайындық конференциялары 2009 жылы қазанда Астана қаласында және 2010 жылы наурызда Минск қаласында өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар