13:40, 07 Қаңтар 2010 | GMT +5
Православ христиандар Қарағандының Свято-Введенский соборында Рождествоны қарсы алды
ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов бүгін облыс орталығындағы Свято-Введенский соборында болып, православ христиандарды Рождество мерекесімен құттықтады,

деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Христиандықтың негізін құрайтын адамгершілік құндылықтар жалпы адамзатқа ортақ құндылыққа айналып отыр. Олар сонымен бірге, басқа діндердің адамгершілік негіздерімен үндесе отырып, адамдарға бейбітшілік пен өзара түсіністік сыйлап келеді. Қазақстан да Мемлекет басшысының саясатының арқасында, әлемнің көптеген елдеріне ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің үлгісіне айналып отыр», деп атап көрсетті аймақ басшысы өз сөзінде.
«Барша православ христиандарды ізгілік пен әділдіктің салтанатын паш ететін осынау ұлы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!», деп түйіндеді өз сөзін С.Ахметов.