Праймериз – білімді жастар мен қоғам белсенділері үшін үлкен мүмкіндік
Елбасы жаңа ұрпаққа сапалы білім алып, оны шыңдауға әрдайым негізге алады. Әлемнің озық елдерімен тереземізді теңестіру үшін білім сапасын көтеру, жаһандық экономика мен саяси факторлардың себеп-салдарын бағамдай отырып, бәсекелестік аясында стратегиялық шешімдер қабылдау, шикізат ресурстарына қарап қалмайтын экономика құру, әлеуметтік міндеттемелерді шешу сияқты мәселелер өз жауабын табуы тиіс.
Еліміздің әр өңіріндегі зияткерлік мектептер, саналы және креативті ұрпақ тәрбиелеуде. Талантты оқушыларды топтастырып, халықаралық талаптарға сай білім беру мақсатында Назарбаев зияткерлік мектептері еліміздің әр аймағында 2009 жылдан бастап ашыла бастады. Елбасы бұл білім ордаларының қызметіне ерекше мән беріп келеді. Өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында Н. Назарбаев олардың тәжірибесін бүкіл білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне шығару керек екенін айтқан болатын.
Ал Назарбаев университеті - бұл Тұңғыш Президенттің жастардың мұқтаждықтарына жіті назар аударуының айқын көрінісі. Білім алудың халықаралық үлгісін құраған «Назарбаев Университеттің» алдында да қос мақсатты қос міндетке сабақтастыру, сол арқылы ғаламдық кеңістікте қазақ елінің қолтаңбасын айқындау мәселелері тұрғанын жұртшылық жақсы түсініп, оң бағалап отыр. Заман талаптарына сай жаңаша өмір сүру мен ойлаудың ғаламдық үрдістеріне ден қоя бастаған жастардың санасында елдіктің, рухани өрлеудің, ұлттық жаңғырудың ұстанымдарын бекіту – мемлекеттілігіміздің кепілі, болашағымыздың тірегі екені мәлім. Сайып келгенде, бұл – жаңа дәуір кеңістігіндегі ел ертеңін анықтаудың кілті.
«Болашақ» стипендиясы бүгінде 13 мыңнан астам студентке әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін маман даярлау. Бағдарлама боййынша жоғары оқу орындарының ғылыми дәрежесін алуға болады, сонымен қатар әлемнің жетекші компанияларында және университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтуге болады.
Осының барлығы кең ауқымдағы жетістікке жету жолына жеткілікті алғышарты бар біздің жастардың қозғаушы күші ретінде танылады.
Елімізде мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. 2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қ.Қ. Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы барысында сайлау партиялық тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін міндетті 30 пайыздық квота қарастыруды ұсынды.
Қазақстанда 29 жасқа толмаған тұлғалар заң бойынша жас адам саналады. Бұл ретте 25 жасқа толған, республика аумағында соңғы он жыл тұрақты тұрып жатқан Қазақстан азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. 30 жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл стажы бар адам Сенат депутаты бола алады.
Праймериз білімді жастар мен қоғам белсенділері үшін үлкен мүмкіндік. Өйткені праймериз өз ісіне жауапты, іскер азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді.
2020 жылғы 22 сәуірде Парламент Мәжілісінің депутаттары сайлау партиялық тізімдерінде әйелдер мен жастарға арналған квотаның 30% - ын көздейтін түзетулерді мақұлдады. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндерге жол ашады.
Осы бөліктегі заңнамалық түзетулер қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуге қабілетті жастарды саясатқа белсенді тартуға мүмкіндік береді.
Қатысуға ниет білдірген азаматтардың 36,4 пайызы әйелдер, оның ішінде, 25 пайызын 35 жасқа дейінгі жастар құрап отыр. Сонымен қатар, үміткерлер қатарында көпбалалы аналар, қандастар, мүмкіндігі шектеулі жандар да өтінім білдірген.
Қатысушылар ҚР Парламент Мәжілісіне, сонымен қатар, облыстық, аудан-қалалық мәслихатқа үміткер болу санаты бойынша праймериз арқылы бағын сынауда. Үміткерлер үгіт-насихат жұмысы мен дайындықтарын пысықтап, партия мүшелерімен кездесулерге, пікірсайысқа қатысып жатыр.
Соның ішінде атап өтуге тұратын кандидаттардың бірі – Айсұлу Ерниязова. Қазақстанның волонтерлер лигасының төрайымы бүгінде өз өмірін еріктілер санатын ұлғайтуға, одан әрі тұрақты тұрғыда дамытуға шақырады.
Әскери отбасыда өскен қыз бойына парыз, тәртіп және жауапкершілік сезімін тәрбиеленгенін атап өтеді. Еліміздің ең шалғай гарнизондарында тұрып, 7 мектепті ауыстырған жасөспірім әр өңірдің жастарының дамуын өз көзімен көрген. Бүгінде әр бастамасынан оңай жол іздемейтін, даму жолында күресуге дайын екенін атап өтеді.
Қазіргі таңда Айсұлу докторунтурада оқиды. Ол 7 000 еріктіні қатарына тартты. Оның ойынша, праймериз - бұл әсіресе жастар үшін жаңа мүмкіндік. Бірақ ұрпақтар сабақтастығы кез-келген дамуда шешуші рөл атқаратынын ұмытпау керек. Осы маңызды тізбектегі байланыстырушы орынды алуға дайын екенін, оны үзбеу керектігін негізгі алып отыр.
Оны шетелдерге жас ғалымдардың кетуі және жас таланттардың көшуі толқытады. Сол тұрғыда, ол жас отандастарымыздың шалғай мемлекеттерде емес, өз жерінде дамып, еліміздің өркендеуіне үлес қосуға шақырады. Әрі болашақ ана ретінде өз балаларының осы елде сапалы білім алатынына, құқықтары заңмен қорғалатынына және бүгін де, тағы 20 жылдан кейін де ешкімге зиян тигізбейтініне көз жеткізгісі келеді.
Бағдарламаның келесі тармағы - тұратын жеріне қарамастан сапалы білімге, ақпаратқа, инфрақұрылымға, мәдениетке тең қолжетімділік қажет. Әйтпесе, маргиналды жастар, деструктивті ағымдар пайда болады. Үлкен қалалардағы ақпараттың үлкен ағымына және шалғай аудандардағы тапшылыққа (интернеттің болмауы) байланысты, мысалы, Жастар жасөспірім дағдарыстарын қалай жеңуге болатынын білмейді. Аборт жасату, жасөспірімдер арасындағы суицид – дұрыс ақпараттың тапшылығынан болатын жайттар. Қоғамның басты мәселелерін негізге алатын жастардың праймеризге қатысуы қатты қуантады.
Тағы да атап өтуге тұратын кандидаттардың бірі – Лаура Демесінова, «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры, қоғам белсендісі бүгінде өз кандидатурасын қалалық маслихатқа ұсынып отыр. Ол Nur Otan партиясына екі жыл бұрын «English for Jastar» жобасын жүзеге асыру кезінде кірген. Қысқа мерзімде, екі пилоттық айда еліміздің 84 ауданындағы 5 000-нан астам оқушы осы жобада ағылшын тілін үйренді. Жоба бүкіл Қазақстанды қамтыды.
«Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры ретінде күн сайын әлеуметтік қызметпен айналыса отырып: адами потенциалдың дамуы, инклюзия, білім, кітап оқуды кеңінен насихаттау, кәсіпкерлікті дамыту және басқа да әлеуметтік мәселелермен жұмыс істейтінін алға тартып отыр.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақытты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңдер», - деген сөзді мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.
Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолдарымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез - келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.
Айсана Қаһарман саясаттанушы