Премьер-лига: «Ордабасы» сырт алаңда «Шахтерді» ірі есеппен жеңді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 2-турындағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалық «Астана» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуын» 2:0 есебімен жеңді.

Астаналық клубтан Дембо Дарбо 68, Абзал Бейсебеков 77-минуттарда мергендік танытты.

Осылайша елордалық команда 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал шымкенттік «Ордабасы» қарағандылық «Шахтерді» 4:1 есебімен сүріндірді.

Кездесу барысында шымкенттік клубтан 3-минутта Ғафуржан Сүйімбаев есеп ашса, одан кейін Асхат Тағыберген 59, Кара Мбодж 67, Шахбоз Умаров 80-минутта гол соқты.

Оған қарағандылық клубтан Айдос Тәттібаев 71-минутта бір голмен жауап қайырды.

Сондай-ақ, бүгін «Ақтөбе» мен «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Қайрат» (Алматы) командалары кездеседі.

Ал 10 наурызда «Каспий» (Ақтау) мен «Тобыл» (Костанай), «Атырау» мен «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) командалары кездеседі.


Соңғы жаңалықтар