Премьер-Министр әкімдерге индустрияландыру бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың құрылысымен танысуды тапсырды

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов әкімдерге Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті жерлерде жүзеге асырылып жатқан өздері жетекшілік жасайтын нысандардың құрылысының барысымен танысуды тапсырды.
None
None

«Республикалық жобалық топтардың басшыларына, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне екі аптаның ішінде нысандарға жеке өздері барып, олардың жүзеге асырылу барысымен танысуды тапсырамын. Мемлекеттік ресурстардың есебінен шетелдік туризмді дамытқанша, одан да еліміздегі нысандарды аралап көріңіздер», деді Премьер-Министр бүгін селекторлық форматтағы Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына қолдаудың нақты құралдарымен толтыру бойынша тиісті бағдарламалдарды пысықтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар