Премьер-Министр Ақтау айлағы арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлік флотты дамыту міндетін қойды

;АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Көлік және коммуникация министрлігіне Ақтау айлағы арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлік флотты тездетіп дамыту міндетін қойды. Ол бұл тапсырманы аталмыш министрліктің бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде берді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Каспий бағыты және су көлігі бойынша сіздер жоспарды дұрыс сыздыңыздар. Ендігі жерде тоқтап қалмай, «Самұрық-Қазына» қорымен бірге еліміздің танкерлік флотын кеңейту жұмысын жалғастыруларыңыз керек. Біз қазір бұл бағытта кешеуілдеп қалдық», деді алқада Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің айтуынша, Қазақстанның мүмкіндігі жыл сайын ұлғайып келеді. Қашаған жобасын игеру мерзімі де жақындап қалды. Бұл танкерлік флотты дамытудағы еліміздің объективті артықшылығы болып табылады. Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновтың айтуынша, су көлігі саласында Ақтау айлағын Солтүстік бағытты кеңейту жобасын жүзеге асыру басталып кетті. Отандық сауда флоты Каспий теңізінде теңіз тасымалы нарығында алдыңғы қатарлы орынға ие болып, қарқынды түрде дамуда. Қазіргі күні қазақстандық танкерлермен Ақтау айлағы арқылы өткізілетін мұнай көлемінің жартысынан астамы тасымалданады.

Соңғы жаңалықтар