Премьер-Министр «Ақтау-Бейнеу» автомагистралін қалпына келтіру үшін Азия даму банкінің заемын тартудағы процедураларды аяқтауды тапсырды

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Көлік және коммуникация министрлігінің басшылығына «Ақтау-Бейнеу» автомагистралін жаңғырту үшін биыл Азия даму банкінің заемын тарту жөніндегі барлық процедураларды аяқтауды тапсырды.
None
None

Ол бұл тапсырманы бүгін аталмыш ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақтау-Бейнеу» жолының заемы бойынша барлық процедураларды аяқтау қажет. Бұл өте маңызды участок», деді алқада Үкімет басшысы.

Министр Әбілғазы Құсайыновтың айтуынша, Премьер-Министрдің 2009 жылдың желтоқсанында Азия даму банкінің вице-президентімен кездесуі «Ақтау-Бейнеу» халықаралық автомагистралін жаңғыртуға 400 млн. доллар тартуға бастау болған. «Ағымдағы жылдың соңына дейін бұл келісімге қол қойылатын болса, ол 2011 жылы толыққанды құрылыс жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді», деді министр.

Соңғы жаңалықтар