Премьер-Министр Алматыда халықаралық компаниялардың өкілдерімен жұмыс бабындағы кездесулер өткізді

СТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бүгін Алматыда «International Gerald Tribune» халықаралық басылымы ұйымдастырған IV Қазақстандық инвестициялық саммит жұмысының аясында ірі халықаралық компаниялардың өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.
None
None

К.Мәсімов «Royal Bank of Scotland» тобының атқарушы және басқарушы комитетінің мүшесі Марко Мадзщучелли бастаған «RBS» өкілдерімен кездесіп, оның барысында қаржы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр К.Мәсімовтің Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Томас Мировпен болған кездесуінің барысында халықаралық даму институтының Қазақстанмен арадағы ынтымақтастығын әрі қарай дамыту жоспары сөз болды.

Үкімет басшысының «Патентес Тальго С.Л.» компаниясының президенті Карлос де Паласиомен, «Трансмашхолдинг» ААҚ басшысы Андрей Бокаревпен, сондай-ақ «Альстом Транспорт» компаниясының басшысы Филипп Милльемен болған кездесулеріне машина жасау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері арқау болды.

Соңғы жаңалықтар