Премьер-Министр депутаттардан «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңды шапшаңдатып қабылдауды өтінді

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада өткен «Самұрық-Қазына» қорының кеңейтілген алқа мәжілісінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Парламент депутаттарынан «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңда шапшаңдатып қабылдауды өтінді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ертең Мәжілістің жалпы отырысында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заң қаралатын болады. Сіздер оған қолдау білдірген жағдайда, ол Сенатқа өтеді. Бұл заң біз үшін өте маңызды», деді Үкімет басшысы алқада мәжілісшілерге қаратып айтқан сөзінде.К. Мәсімовтің сөзіне қарағанда, қолданыстағы заңнамада Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыруға кедергі келтіретін бірқатар құқықтық қайшылықтар бар. «Атап айтқанда, қолданыстағы заң бойынша «Самұрық-Қазына» банктердің акционері бола алмайды. Біз қазір бұл мәселені Үкіметтің кепілдіктерімен шешіп жатырмыз. Алайда, түбегейлі заңдастыру үшін бұл заң қажет», деді Премьер-Министр.
Соңғы жаңалықтар