18:27, 08 Қараша 2017 | GMT +5
Премьер-Министр экспортты дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев экспортты дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz .
Кеңес барысында ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің экспортын дамытудың кешенді ұлттық жүйесін іске асыру бағыттары талқыланды. Экспорттық әлеуетке ие тауарлардың «экспорттық қоржыны» қаралды.
Анықтама: Ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің экспорты 2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында $1 347,9 млн құрады. 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда АӨК өнімдері экспортының 10,6%-ға ($1205,9 млн-нан $1 347,9 млн дейін), соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнімдері 9,9%-ға ($563,1 млн-нан $625 млн дейін) артқаны байқалады. Экспорт құрылымы бойынша негізгі көлем бидай (28,3%) мен ұнға (21,0%) тиесілі.