Премьер-Министр ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру жұмысын БАҚ-тарда кеңінен көрсетуді тапсырды

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедке ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялап, көрсетуді тапсырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Үкімет басшысы министрлікке бұл жұмысты «Самұрық-Қазына» қорымен және ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру мәселесімен айналысып жатқан банктермен бірлесіп жүргізуді жүктеді. «Егер ипотекалық несиесін кімде-кім қайта қаржыландырған болса, ол адам туралы жазу қажет, қаржыландыра алмаса оны да көрсету керек. Яғни, бұл жұмыс назарда, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бақылауда болуы тиіс. Осыған баса көңіл бөлу керек», деді Премьер-Министр. «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Қайрат Келімбетовтың айтуынша, бұрындары бірінші және екінші нарықтан тұрғын үйлерді ипотекалық несиеге алған адамдар қарыздарын қайта қаржыландыра алады. Бұл үшін ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға 10 банктің, атап айтқанда ? «Қазкоммерцбанк», «БТА банкі», «Халық банкі», «Альянс банкі», «Темір банкі», «Центр Кредит банкі», «Каспий банкі», «Еуразиялық банкі», «АТФ банкі», «Цесна банктің» депозиттеріне жалпы сомасы 120 млрд. теңге орналастырылған. Банктер наурыздың 1-нен бастап азаматтардан өтініштер қабылдай бастаған. Айта кетейік, бұл бағдарламаға кіру үшін банктерден тұрғын үйге ипотекалық несие алған азаматтың пәтерінің аумағы 120 шаршы метрден аспауы тиіс және ол оның басындағы жалғыз баспанасы болуы шарт. Сонымен қатар бағдарламаға кіретіндердің екінші деңгейлі банктерде мерзімінде төленбеген қарыздары болмауы қажет.
Соңғы жаңалықтар