Премьер-Министр К. Мәсімов Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 10-шы саммитіне қатысады

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Наурыздың 11-і күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімов 1985 жылы құрылған Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Тегранда өтетін 10-шы саммитіне қатысады.
None
None
Бұл туралы бүгін дәстүрлі апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, Иран Ислам Республикасының астанасында өтетін форумда ғаламдық дағдарыстың экономикаға әсері, Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің өзара ықпалдастық жағдайында интеграциялануына байланысты ағымдағы жұмыстары, сондай-ақ олардың бір-біріне әлеуметтік мәдени және ғылыми техникалық салалар бойынша көмек көрсету шаралары сөз болады. «Қазақстан аталған ұйымға 1992 жылы Исламабадта кірді. Жалпы осы ұйымға қазір барлығы 10 мемлекет мүше. Олардың қатарында Иран, Пәкістан, Түркия, Қазақстан, Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан сияқты елдер бар. Қазіргі таңда Экономикалық ынтымақтастық ұйымы оған мүше елдерді қоса алғанда, 7 миллион шаршы метр аймақты қамтиды және онда 300 миллионнан астам адам тұрады. Осының өзі аталған ұйымның экономикалық, әлеуметтік-қоғамдық әлеуетінің қаншалықты зор екендігін көрсетеді», деді Е.Ашықбаев. Саммит аясында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 18-ші мәжілісін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жиынға еліміздің сыртқы істер вице министрі Нұрлан Ермекбаев қатысады.
Соңғы жаңалықтар