Премьер-Министр К. Мәсімов «Қазақстанның үздік тауарлары» конкурсының жеңімпаздарын марапаттады

None
None
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін елордадағы «Сарыарқа-Велотрек» спорт кешенінде өтіп жатқан Индустряландыру күні шеңберінде «Қазақстанның үздік тауарлары» конкурс-көрмесінің жеңімпаздары анықталып,

оларды Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов марапаттады.

Еске салсақ, 2001 жылы негізі қаланған аталмыш конкурс халықаралық сапа-менджменті жүйесін табысты енгізетін, өз өнімінің сапасын дамытуды үлкен нәтижелерге жеткен, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында құрылған. Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарымен қатар «Қазақстанның үздік тауарлары» конкурс-көрмесінің жеңімпаздары дәстүрлі түрде отандық өндірістің флагмандары болып табылады.

Осыған орай «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» конкурсы бойынша «Агромашхолдинг» АҚ (Қостанай) кәсіпорны танылды. Ал «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы бойынша «Брандо» ЖШС (Атырау) жеңімпаз атанса, «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «Масло-Дел» ЖШС (Алматы) жеңімпаз атанды.

Республикалық конурсқа өңірлердегі конкурс жеңімпаздары болған 146 қазақстандық өндірушілер қатысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram