Премьер-Министр Қарағанды облысына келді

Қарағанды әуежайында Үкімет басшысын Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов қарсы алды.
Сапар барысында Премьер-Министрге денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев, Экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия және сауда, білім және ғылым, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, Парламент депутаттары еріп жүр.
Әуежайдан кейін Үкімет басшысы Бұқар жырау атындағы ауданның Ботақора кентіне аттанды. Онда К.Мәсімов «100 мектеп, 100 аурухана», бағдарламасы бойынша орталық аудандық аурухананың ашылуына қатысады.
Одан кейін, премьер «Kaztherm» серіктестігінің құрыш панельді радиатор шығаратын зауытының жұмысымен танысады. Кәрім Мәсімов сондай-ақ Қарағанды қаласында болып, бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралайды.