Премьер-Министр Қарағанды облысына сапар жасайды

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін, қаңтардың 10-ы күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына сапар жасайды,
None
None

деп хабарлады аймақ әкімінің баспасөз қызметінен.

Сапар барысында Үкімет басшысы Бұқар жырау атындағы ауданда және облыс орталығында бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралайды. Ол «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша Ботақара ауылында салынған аурухананың, Қарағандыдағы жаңа балабақшаның ашылу рәсімдеріне қатысады деп жоспарлануда. Премьер-Министр сонымен бірге Бұқар жырау ауданында «Kaztherm» ЖШС-нің жаңа зауытына ат басын тірейді. Ал Қарағандыда К.Мәсімов «Жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен К.С.Станиславский атындағы облыстық орыс драма театрын көреді.

Үкімет басшысы сапар барысында сондай-ақ облыс орталығында жақында салынған көкөніс қоймасында және «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» акционерлік қоғамында болады.

Соңғы жаңалықтар