Премьер-Министр Қарағанды облысында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған аурухананың ашылуына қатысты

БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ (ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ). Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов жексенбі, қаңтардың 10-ы күні Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының барысында Ботақора кентіндегі орталық аудандық аурухананың ашылу салтанатына қатысты.
None
None

Бұл нысан «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының аясында салынып отыр.

Орталық аурухана 100 орынға есептелген, бұған қоса ауысымда 200 адам қабылдайтын емхана салынды, дейді аудандық медициналық бірлестіктің директоры Азамат Дүйсенов.

Бұл кешеннің құрылысы 2007 жылдың мамыр айында басталды және ол республикалық бюджеттен бөлінген 1,2 миллиард теңгеге түсіп отыр, деді А.Дүйсенов.

«Аурухана «жедел жәрдем» қызметін, науқастарды қабылдау қызметтерін, оның ішінде терапевтикалық, педиатриялық, операциялық және басқа да бөлімдерді, дәріхананы, физиоемдеу кабинеттерін, рентген кабинетін қамтиды. Бұл жерде орнатылған медициналық жабдықтар барлық заманауи талаптарға жауап береді, осының барлығы ауыр тұрғындарына сапалы медициналық қызметтердің толық кешенін алуға мүмкіндік туғызбақ», - дейді А.Дүйсенов.

Жаңа аурухананың ашылу салтанатынан кейін Кәрім Мәсімов кейбір мамандандырылған кабинеттерді аралады, дәрігерлермен әңгімелесіп, олардың жұмыстарына табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар