13:33, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Премьер-Министр Қарағанды облысында азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты
ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Облыс басшылығы Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Кәрім Мәсімовты азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасының аймақта жүзеге асырылу барысымен және облыс орталығында салынған жаңа көкөніс қоймасымен таныстырды.

Облыс әкімінің орынбасары Төлеутай Рахымбеков Үкімет басшысына азық-түлік қорлары туралы баян етті. «Өткен жылдың желтоқсан айында іске қосылған жаңа көкөніс қоймасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс орталығының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қомақты үлес қосуға және азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді», деп атап көрсетті әкімнің орынбасары. Бұл нысан жылына 3,5 мыңға жуық көкөніс сақтауға есептелген.