12:16, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Премьер-Министр Қарағанды облысындағы жоғары технологиялық кәсіпорынның жұмысымен танысты
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ (ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ). Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапарының барысында «Kaztherm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрыш панельді жылу радиаторларын шығаратын зауытында болып, оның жұмысымен танысты.

«Біздің кәсіпорнымыз - жоғары технологиялық кәсіпорын. «БРК-лизинг» акционерлік қоғамының қаржылық қолдауының арқасында біз аймақта құны 950 миллион теңге құрайтын индустриялық-инновациялық жобаны жүзеге асырып отырмыз», - деп атап көрсетті «Kaztherm» серіктестігінің директоры Андрей Шмарин. Оның айтуынша, жаңа өндіріс 50 адам жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.
Зауыт шығаратын өнім экспортқа бағытталған, дейді кәсіпорын басшысы. Зауыттың жылдық жобалық қуаты 130 мың радиаторды құрайды.