17:17, 23 Қараша 2015 | GMT +5
Премьер-Министр кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі бірыңғай дағдарысқа қарсы жоспар құруды жүктеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі барша бағдарламаларды бір дағдарысқа қарсы жоспарға біріктіруге тапсырды.

«Менің ойымша, бүгін біз Мемлекет басшысы осыған дейін көтерген барлық мәселелерді тыңғылықты талқыладық. Біз кәсіпкерлерді қолдау бойынша талқылаған ағымдағы барша бағдарламаларды бірыңғай дағдарысқа қарсы жоспарға біріктіруіміз керек»,-деді К. Мәсімов Үкімет отырысы барысында.
Атап айтқанда Премьер-Министр ҚР Ұлттық экономика министріне кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі осындай дағдарысқа қарсы жоспарды құруға тапсырма берді.