Премьер-Министр ҚР ІІМ емханасы бар орталық госпиталінің ашылуына қатысты

АС ТАНА. ҚазАқпарат - 30 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ішкі істер министрлігінің емханасы бар орталық госпиталін салтанатты түрде ашты.

Премьер-Министр ҚР ІІМ емханасы бар орталық госпиталінің ашылуына қатысты

«Емханасы бар орталық госпиталь халықаралық стандарттарға жауап бере алатын заманауи медициналық және зерттеу жүргізуге арналған құрылғылармен жабдықталған. Қазіргі таңда ол қаланың жетекші емханаларымен, «Астана медициналық университеті» АҚ-мен, операцияларға және ем жүргізуге қатысатын хирургия, урология, кардиология, неврология, терапия кафедраларының қызметкерлерімен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол жеткізді»,-делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Атап айтқанда, орталық госпиталь - 212 орындық, емхана стационары - бір ауысымда 500 адамды қабылдай алады. Жаңа госпиталь республика бойынша барлық тіркелуші контингентке медициналық көмек көрсетеді. Арнайы көмекке зәру құқық қорғау органдарының қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, құқық қорғау органдарының ардагерлері тұрғылықты мекен жайына қарамастан жоспарлы тәртіпте ем қабылдай алады. ІІМ-нің емханасы бар орталық госпиталінің қызметі қоғамдық тәртіпті сақтаудың және азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру үшін дені сау әрі жан-жақты мықты кадрлық ресурсты қалыптастыруға бағытталған. Орталықтың ашылу салтанатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов әлемдік экономикадағы жағдайға қарамастан, ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлеуметтік қамтамасыз етудің маңызды аспектілеріне ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. Үкімет қаражат бөліп, елорда Әкімдігі денсаулық сақтау объектілерінің қатарынан жер орнын бергені Орталықтың елорданың жүйелі құрылып жатқан медициналық кластерімен біте қайнаса қызмет етуіне оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.