Премьер-Министр: «Оңай» оңай емес екен

Қазақ-Британ техникалық университетінің Теңіз академиясында Премьер-Министрге студенттердің бұрғылау кезіндегі құрылғының қалай жұмыс жасайтынын көрсететін компютерлік жаттықтыру нұсқасы таныстырылды. Бұл нұсқа 1,2 млн АҚШ доллары тұрады. 7 күндік оқу курсының бағасы - 300 мың теңге.
Сонымен қатар, Үкімет басшысына Алматы қаласындағы «ақылды» бейнебақылау камералары мен «Оңай» жүйесі таныстырылды.
«Оңай оңай емес екен», - деп қалжыңдады Бақытжан Сағынтаев «Оңай» электронды билеттендіру жүйесімен танысу барысында.
«Біз «Оңайдың» нәтижелерін көре бастадық. Біріншіден, ақша жиналып, ашықтық пайда болды. Сонымен қатар, «Оңай» картасы барлар Шымбұлаққа да кезексіз кіре алатынын көрсетіп, карта тұтыну қызметін біріктіріп жатырмыз», - деді бұл қалжыңға жауап берген Алматы әкімі Бауыржан Байбек.