13:39, 23 Қараша 2015 | GMT +5
Премьер-Министр өңір әкімдеріне индустриалдық жобаларға ревизия жүргізуді тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өңір әкімдеріне ИИД мемлекеттік бағдарламасының екінші бес жылдығы аясында іске асырылып жатқан индустриалдық жобаларға ревизия жүргізуді тапсырды.

Бұндай тапсырманы ол бүгін Үкімет отырысында жүктеді. Осының алдында К. Мәсімов ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевке 2016 жылдың 1 наурызына дейін бағдарламаны жетілдіру тұрғысында келісілген жобасын Үкіметке енгізуді тапсырды.
Айта кетейік, Үкімет отырысы өңірлердің қосылуымен селекторлық режімде өтіп жатыр. Оның барысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралуда.