Премьер-Министр С.Ахметов Қостанай облысының өнеркәсіптік әлеуетімен танысты

деп хабарланады ҚР Министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметінен.
«ССКБӨБ» АҚ-ның Сарыбай карьерінде Үкімет басшысы темір рудаларын өндіру жөніндегі өндірістік бағдарламаның орындалу барысымен және кәсіпорынды дамытудың перспективаларымен танысты.
Ал бірлестіктің жылу-электр орталығында Премьер-Министр стансаның күзгі-қысқы мерзімдегі жұмыс жағдайымен және оның даму перспективасымен танысты. 1998 жылы Рудный қаласының жылу-электр орталығы «ССКБӨБ» АҚ-ның сенімді басқаруына берілген болатын. Рудный қаласын электр қуатымен жабдықтаудың сенімділігін жақсарту және кәсіпорында өндірілетін өз электр қуатының көлемін арттыру мақсатында жылу-электр орталығын кеңейту және жаңарту жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылды.
С.Ахметов сондай-ақ «ССКБӨБ» АҚ үшін кадрлар даярлау жүйесімен танысу мақсатында корпоративтік оқу орталығында болды. Үкімет басшысы орталықтың білім бағдарламаларымен және жаттықтыру сыныптарының мүмкіндіктерімен танысты.