Премьер-Министр С.Ахметов мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы қойған міндеттерді тиімді жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді

АСТАНА. 11 қазан. Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2013 жылдың 11 қазанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша шаралар қаралды.
None
None

Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары бойынша Мемлекет басшысы бірқатар маңызды міндеттер қойды. Президенттің сөзінде айтылған негізгі мәселелерге назар аударған С.Ахметов аталған тапсырмаларды тиімді орындау үшін мемлекеттік органдардың күшін үйлестіру қажет екенін атап өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметінен хабарлады.

Үкімет басшысы бюджеттік саясат пен мемлекеттік сатып алулар жүйесін оңтайландыру саласында барлық деңгейдегі орталық мемлекеттік органдардың басшыларына жыл соңына дейін бөлінген бюджеттік қаржыны, оның ішінде трансферттерді барынша игеруді қамтамасыз ету керектігін атап көрсетті.

Сондай-ақ «Мемлекет басшысының тапсырмасын есепке ала отырып мемлекеттік және салалық бағдарламаларды түгендеу бойынша жұмысты жалғастыра беру керек - деген С. Ахметов, - бірқатар көрсеткіштер, оның ішінде, еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін, бағдарламаларды анықтау қажет», - деп атап көрсетті.

Мемлекеттік сатып алулар мәселесіне байланысты С. Ахметов Қаржы министрлігіне «Мемлекет басшысының тапсырмасын есепке ала отырып, мүдделі мемлекеттік органдармен, өңірлер әкімдерімен бірлесіп заңдылықты жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар» енгізуді тапсырды.

"Президенттің кәсіпкерлікті дамыту бойынша тапсырмаларын орындау жолында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі холдингтермен және ұлттық компаниялармен квазимемлекеттік сектор субьектілерін жеке секторға беру арқылы оңтайландыру бойынша жұмыстарды жалғастыра беруі тиіс", - деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы мемлекеттік индустриалдық саясатты одан әрі жүзеге асыруға, арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуіне, пайдаланылмаған жерлерді түгендеуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Өңірлік саясатты одан әрі дамыту мәселелеріне қатысты С. Ахметов Өңірлік даму министрлігі алдына «мемлекеттік бағдарламаларды түгендеу шеңберінде өңірлерді дамыту бағдарламаларын жүзеге асырудың тиімділігін зерделеп, оны оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізу» міндетін қойды. Экономика және бюджеттік жоспарлау мен Өңірлік даму министрліктеріне өздерінің өңірлік даму саласындағы міндеттері мен өкілеттіктерін пысықтауды және Үкіметке ұсыныс енгізуді тапсырды.

«Тұтастай алғанда, өңірлік саясат саласындағы жұмыстардың жүйелілігі мен үйлестірілуін ӨДМ жүзеге асыратын болады. Мұнда ӨДМ мен бірлесіп қарастырылуы тиіс өңірлерді дамытудың барлық бюджеттері қалыптастырылады», - деді С.Ахметов.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын есепке ала отырып, әлеуметтік жаңғырту саласында мемлекеттік органдарға білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныс енгізу тапсырылды.

С. Ахметов Президенттің қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асырудың Кешенді жоспарын жасауға өкім етті.

Үкімет басшысы облыс әкімдерінің назарын елді мекендердің алдағы қыс маусымына дайындығын, әлеуметтік маңызды азық-түліктер бағасының тұрақтылығын, жиналған астықтың сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне аударды.

«Бүгін мейлінше ашық, маңызды әңгіме болып, Мемлекет басшысы тарапынан сындарлы сын айтылды», - деп түйіндеді С.Ахметов. «Біз Президент тапсырмаларын орындау бойынша барлық іс-шараларды Кешенді жоспарға енгізіп, бұл үлкен жұмысқа кірісуге тиіспіз», - деп қорытындылады Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар