Премьер-Министр Үкімет мүшелерін Президент сынынан сабақ алып, белсенді жұмыс істеуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет мүшелерін Президенттің кешегі кеңейтілген отырыста айтқан сынынан сабақ алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Президент берген тапсырмаларды жедел әрі нәтижелі орындау керек. Президенттің біздің жұмысымызға қатысты кеше айтылған сыны өте маңызды екенін атап өткім келеді», -деді ол Үкімет отырысында.

Үкімет басшысының пайымынша, барлық мемлекеттік органдар, әкімдіктер мен квазимемлекеттік сектор белсенділігін арттыруы қажет.

«Бірінші басшылар Президент тапсырмаларының орындалуын жеке бақылауға алуы керек. Жобалар мен бағдарламалардың барлығы өңірлерде жүзеге асырылады. Олар халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Сондықтан Үкімет пен әкімдіктер өзара тығыз байланыс орнатып, әрбір мәселені бірлесіп шешуі керек.

Жалпы Үкімет жұмысының нәтижелі болуы әрқайсымыздың тиімді жұмыс істеуімізге байланысты. Ел экономикасының дамуы, азаматтардың тұрмыс сапасының жақсарғанын сезінуі үшін жоспарланған жұмысты бірлесіп жүзеге асыруға күш салуымыз керек», - деді Әлихан Смайылов.

Айта кетсек, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Министрлер кабинетінің жұмысына орташа деген баға берген болатын.


Соңғы жаңалықтар