Премьер-Министрдің қатысуымен ҚР Көлік және коммуникация министрлігі алқасының кеңейтілген мәжілісі өтеді

АСТАНА. Қаңтрдың 11-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қаңтардың 13-інде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен ҚР Көлік және коммуникация министрлігі алқасының кеңейтілген мәжілісі өтеді.
None
None

Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.

Алқалы жиында 2009 жылдың қорытындылары мен 2010 жылға арналған жоспар талқыланбақ. Мәжіліс аясында жол-құрылыс материалдары мен жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, осы күні сағат 15:00-де «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі жобасын іске асыру мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтеді.

Соңғы жаңалықтар