Премьер-Министрдің төрағалығымен Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті

АНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында кореялық инвесторлардың қатысуымен Қазақстан және Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында іске асыру көзделіп отырған жобалардың дайындық жағдайы қаралды.

Кеңеске қатысушылар оңтүстік кореялық серіктестермен бірлесіп іске асырылатын аталған жобалардың жай-күйі  туралы хабарламаны тыңдап, оларды тез арада жүзеге асыруға бағытталған шараларды талқылады.

К.Мәсімов тиісті ұлттық компаниялардың басшыларына мемлекеттік органдармен бірлесіп, инвесторлармен жұмысты күшейтуге және Премьер-Министрдің Оңтүстік Кореяға алдағы сапары барысында қол қойылады деп жоспарланған келісімдерді дайындауды тездетуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар