Премьер-Министрдің төрағалығымен Республикалық бюджеттік комиссияның бірінші отырысы өтті

АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат – Министрліктер үйі ғимаратында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының бірінші отырысы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Республикалық бюджет комиссиясының отырысында 2009 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы кезіндегі шығындарды оңтайландыру мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, республикалық бюджетке түсімдерді қысқарту немесе шығындардың ұлғайтылуын және 2009 жылға арналған 004 «Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, шебер-жоспарлардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау және сараптау» республикалық бюджеттік бағдарламасы қаражатының бөлінуін топшылайтын нормативті құқықтық актілер жобалары қаралып, олар бойынша шешімдер шығарылды.
Соңғы жаңалықтар