Премьер Мұнай және газ министрлігі басшысына СҚО-ға газ құбырын жүргізу мәселесін қарастыруды тапсырды

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мұнай және газ министрінің басшысы Сауат Мыңбаевқа Солтүстік Қазақстан облысына газ құбырын тарту мәселесін қарастыруды тапсырды.
None
None

Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесіп, аймақтағы ауыл шаруашылығының даму мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында агро шаруалар Кәрім Мәсімовке мүмкіндіктерді қарастырып, облысқа газ құбырын тарту туралы өтініштерін білдірді.

«Мен қазір мұнай және газ министріне осы мәселені қарастыруды тапсырамын», - деді Кәрім Мәсімов.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер Мемлекет басшысына дән себу және егін науқандары кезінде агрономдарды қолдауда қабылдаған шаралары үшін алғыстарын айтты.

Соңғы жаңалықтар