Премьер рудалы, рудалық емес және ұсақ таужынысты кеніштерді ашық тәсілмен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды бекітті

Кәрім Мәсімов 2009 жылғы қарашаның 26-сындағы №1939 «Рудалы, рудалық емес және ұсақ таужынысты кеніштерді ашық тәсілмен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қаулыға қол қойды. ҚазАқпарат қаулының мәтінін жариялап отыр.
«Қазақстан Республикасының 2004 жылғы қарашаның 9-ындағы «Техникалық реттеу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ұсынылып отырған Рудалы, рудалық емес және ұсақ таужынысты кеніштерді ашық тәсілмен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен 6 айдан кейін күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр К.Мәсімов.