Премьер «Жетіген-Қорғас» және «Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» теміржол құрылыстарын тездетіп аяқтауды тапсырды

А. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қазақстан теміржолы компаниясының басшылығына «Қорғас-Жетіген» және «Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» теміржол құрылыстарын 2011 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Ол бұл тапсырманы аталмыш компанияның алқа мәжілісінде берді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-Министрдің айтуынша, бұл теміржолдар Қазақстан үшін төтенше маңызды. Еліміздің бүгінгі сауда саясаты көп жағдайда осы теміржолдар құрылысының қарқынына байланысты. «Түрікменстанға жол бұл жылы теңіздерге шығатын жол. Ол арқылы біз өнімдерімізді экспорттай аламыз. Түрікменстан жағы өзіне тиесілі бөлікті жылдам салуда. Иран да қарап жатқан жоқ. Біз өз уақытында үлгеруіміз керек», деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының айтуынша, Қорғас-Жетіген теміржолының құрылысын Қытай тарапы шекараға дейін жеткізген. «Қытай біздің объективті экспорттық нарығымыз. Біз өз өнімдерімізді осы бағытқа экспорттай алуымыз керек», деді К. Мәсімов.

Осы орайда Үкімет басшысы аталмыш теміржолдардың құрылысын тездетіп аяқтап, тәуелсіздіктің 20 жылдығына сыйлық жасау керектігін айтты.

Соңғы жаңалықтар