Премьер-лига: «Тобыл» «Қызылжардан» жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің кейінге қалдырылған 14-турында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында петропавлдық «Қызылжардан» жеңіліп қалды.

Қызылжар футбол клубы
Фото: Қызылжар футбол клубы

Биыл ел біріншілігінде маусым басында «Тобыл» топ жаратын команда ретінде саналған еді. Дегенмен олардың ойыны әзірге жанкүйер көңілінен шығатын түрі жоқ. Кездесудің бірінде мықты командаларды тізе бүктірсе, ендігісінде ойламаған жерден қарсыласына есе жіберіп қояды.

Қостанайлық клуб бүгін өз алаңында петропавлдық «Қызылжармен» кездесті. Ойын алаң иелері үшін сәтті басталған еді. «Тобыл» сапынан әріптесі Роман Асранкуловтың берген пасын 26-минутта голға айналдырып кетті. Оған 44-минутта петропавлдық клубтан Лука Имнадзе бір голмен жауап қайырды.

Ал 82-минутта «Қызылжардың» ойыншысы Рафаиль Оспанов соққан гол өз командасына жеңіс алып келді.

Осылайша «Тобыл» ойламаған жерден қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.

Ал «Атырау» мен «Ақтөбе» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Конференция лигасында «Астана» румыниялық «Корвинулды» жеңіп кетті.

 

Соңғы жаңалықтар