Премьер-лигаға шыққан үш команда анықталды

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінде Премьер-лигаға жолдама алған үш команда толық белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform. 

Премьер-лигаға шыққан үш команда анықталды
Фото: jenisfk.kz

Бүгін елімізде бірінші лига командалары арасында соңғы тур ойындары өтті.

Семейлік «Елімай» биылғы біріншілікте бірде-бір мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ. Барлығы 24 кездесуде жеңіске жетсе, қалғанында тең түсті. Соңғы турда олар өз алаңында «Ақжайық» командасын 2:1 есебімен сүріндірді.

Тағы бір жолдама түркістандық «Тұранға» бұйырды. Түркістандық клуб соңғы турда «Тараз» командасымен 1:1 есебімен тең түсті.

Үшінші жолдамаға ие болған астаналық «Жеңіс» бұл жолы «Оңтүстік академиясын» 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Өзге ойындарда өз алаңында «Хан тәңірі» «Арысқа» 2:3 есебімен жеңіліп, «Екібастұз» «Қайрат-Жастарды» 3:1, «Ақтөбе-2» «Астана жастарды» 4:1 есебімен есе жіберсе, «Tүркістан» мен «Жас Қыран» 2:2 есебімен тең ойнады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Премьер-лигада ел біріншілігі мәресіне жетті.