Премьер-министр атом энергетикасы саласындағы жобаларды бақылауда ұстауды тапсырды
АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрлігі атом энергетикасы саласындағы жобалар бойынша жұмыстарды бақылауда ұстауы қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.
- Сирек жер металдары бойынша Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізілді, сондай-ақ жер қойнауын геологиялық зерттеуге қомақты қаражат бөлінуде. Осыған байланысты Өнеркәсіп министрлігі квазимемлекеттік сектормен бірлесіп, белгіленген жоспарларды, оның ішінде шетелдік серіктестермен қол жеткізілген келісімдерді тез арада іске асыру жұмыстарын бастауға тиіс. Сондай-ақ Энергетика министрлігі салалық агенттікпен бірлесіп, атом энергетикасы саласындағы жобалар бойынша жұмыстарды бақылауда ұстасын, - деді Үкімет басшысы.
Айта кетейік, кеше «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланды.
Сұхбат барысында Президент туризм саласындағы кадр тапшылығы өте өзекті мәселе екенін айтты.