Премьер-министр: Бізге өнім бөлісу келісімдерін бұзуға болмайды

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ мұнай жобалары бойынша инвесторлармен бекітілген өнім келісімдері мен тікелей келісімдерді қайта қарау мәселесі туралы пікір білдірді.

Үкімет отырысы
Фото: Үкімет

- Біз бұл келісімдерді бұзбаймыз. Ол елімізге зиянынан басқа ештеңе әкелмейді. Бұл – инвестициялық климатқа байланысты мәселелер. Бірақ біз қазір келіссөздерді бастадық. Алдағы уақытта жаңа келісімге қол қою керек. Осы келіссөздер шеңберінде біз міндетті түрде ұлттық мүддені қорғаймыз, - деді ол.

Олжас Бектенов бұл мәселе бойынша Қазақстан халықаралық төрелікке жүгінгенін де еске салды.

- Қазір өздеріңіз білетіндей, халықаралық төрелікке бердік. Ел мүддесін халықаралық арбитражда да қорғауға тырысамыз. Нәтижесін көреміз, - деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін Қазақстан неге Қашаған акционерлерінен $150 миллиард талап етіп отырғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар