2025 жылы Президент 186 халықаралық кездесу өткізді
АСТАНА. KAZINFORM — Президент шет мемлекеттердің үкімет басшыларымен, басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен, халықаралық құрылымдар жетекшілерімен, іскерлік топ өкілдерімен және сарапшылармен 186 кездесу өткізгені белгілі болды.
Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram арнасында хабарлады.
— Шетелдік сапарларда сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға айрықша мән берілді. Халықаралық кездесулер кезінде жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер жасалды, — деп жазды Руслан Желдібай.

Бұдан бұрын ол биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өткенін айтты.
Сондай-ақ 2025 жылы Президент қанша нормативтік-құқықтық актіге қол қойғаны белгілі болды.