Президент 29 шілде күні Түркияға ресми сапармен барады

 АСТАНА. KAZINFORM —  29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады.

Ақорда
Фото: Ақорда

- Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды. 

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді, - деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Айта кетейік, кеше Президент ұшақ апатына байланысты Путинге көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар