17:08, 01 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Президент 4 министрді қызметтерінен босатты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 министрді қызметтерінен босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;
Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысының Жарлығымен, жаңадан 5 министрлік құрылды.