11:24, 16 Қазан 2023 | GMT +5
Президент Адам құқықтары жөніндегі комиссиядан бірқатар лауазымды тұлғаны шығарып тастады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Kazinform.

Жарлыққа сай, комиссия құрамынан 11 адам шығарылды.
«Аталған комиссияның құрамынан: М.М. Ахметжанов, А.О. Алауханов, М.С. Бәшімов, Ғ.Б. Бейсембаев, О.А. Бектенов, Д.Қ. Қыдырәлі, Д.Қ. Мыңбай, А.Р. Оралов, А.С. Платонов, А. Саин, М.Б. Тілеуберді шығарылсын», – делінген Президент қол қойған Жарлықта.
Тиісінше, бос орындарды келесі тұлғалар иеленді:
- Аида Балаева – Мәдениет және ақпарат министрі;
- Ажар Ғиният – Денсаулық сақтау министрі;
- Әлия Ехласова – ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, комиссия хатшысы;
- Светлана Жақыпова – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
- Асхат Жұмағали – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы;
- Динара Зәкиева – Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша);
- Снежанна Имашева – ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша);
- Мұрат Нұртілеу – Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі;
- Ержан Сәденов – Ішкі істер министрі және өзгелері.
Құжат қол қойылған күннен, яғни 12 қазаннан бастап күшіне енді.