Президент Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Нұрлан Байбазаров Президент Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұрлан Байбазаров
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

— Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада. 

Нұрлан Байбазаровтың еңбек жолы

ҚР Қаржы министрлігінде бастап, онда Бюджет департаментінде және Мемлекеттік қарыз алу департаментінде маман, бас маман, бөлім басшысы (1997 ж)

Жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының басшысы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ корпоративтік хатшысы (2004-2011жж)

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры (2013-2016 жж)

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз Консалтинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (әр жылдары)

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы (2016-2022 жж)

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы (2022 ж. қараша 2023 ж. қазан)

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы (2023 ж. қазан 2024 ж. ақпан)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі (06.02.2024 - 21.12.2024)

Соңғы жаңалықтар