Мемлекет басшысы «Ақжайық» шағын ауданындағы тұрғын үй кешеніне барып көрді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM —  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына барған іссапар аясында «Ақжайық» шағын ауданындағы тұрғын үй кешенімен танысты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Президент «Ақжайық» шағын ауданындағы тұрғын үй кешеніне барып көрді
Фото: Ақорда

— Бұл жерде жыл соңына дейін 35 көппәтерлі тұрғын үй бой көтермек. Баспаналар әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтарға беріледі, сондай-ақ мемлекеттік ипотека бағдарламалары арқылы сатылады, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы «Ақжайық» шағын ауданындағы тұрғын үй кешеніне барып көрді
Фото: Ақорда

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа ескі үйлерді бұзу жұмыстары жөнінде баяндалды. 

Мемлекет басшысы «Ақжайық» шағын ауданындағы тұрғын үй кешеніне барып көрді
Фото: Ақорда

Реновация бағдарламасы аясында бүгінге дейін 248 отбасы апат алдындағы үйлерден жаңа баспаналарға көшірілген. 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 604-ке дейін жеткізу көзделіп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Шымкент қаласының перспективті құрылыс жоспарымен танысқан болатын

Соңғы жаңалықтар