19:31, 28 Қараша 2025 | GMT +5
Президент Албания халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
— Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент жеделхатында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал албан халқына құт-береке тіледі, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті.