11:55, 11 Қаңтар 2022 | GMT +6
Президент Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы
2022 жылғы 11 қаңтар
Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 қаңтар
№ 754