21:34, 03 Тамыз 2025 | GMT +5
Президент алматылықтармен Көктөбеде жүздесті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Көктөбеде серуендеп жүрген қала тұрғындарымен және қонақтарымен жүздесті. Бұл туралы БОРТ №1 telegram парақшасында жарияланды.

- Антониу Гутерришпен жүргізілген келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы Алматының көрнекі жерлерінің бірі саналатын Көктөбеде серуендеп жүрген қала тұрғындарымен және қонақтарымен жүздесті, - делінген хабарламада.
Айта кетелік Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізген еді.